
2026 жылғы 27 қаңтарда Есіл аудандық сотында Есіл ауданының №2 орта мектебінің 10–11 сынып оқушыларына арналған көрсетілімді сот процесі өткізілді.
Қылмыстық істі қарау барысында азамат С. тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық түрде жымқыру жасағаны үшін (ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі) кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесінің барынша жоғары қауіпсіздік деңгейіндегі мекемесінде жазасын өтеу үшін 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Көрсетілімді сот процесі кәмелетке толмағандарды құқықтық тәрбиелеу және оқушылар арасында заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Ақмола облысының прокуратурасы