Көкшетауда шетелдік студенттерге арналған «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді

Көкшетауда шетелдік студенттерге арналған «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ақмола облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен, нотариаттық палатамен, адвокаттар алқасымен, жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп, Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің заң клиникасы базасында шетелдік студенттерге арналған «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді.

Іс-шараның мақсаты — студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру, құқықтық мәселелерді шешуде көмек көрсету.

Жалпы әртүрлі мәселелермен 200 шетелдік студенттер қабылданды.

Барлық ниет білдірушілер тегін заң көмегін алып, әлеуметтік қорғау, білім беру, тұрғын үй, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік құқық салаларындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, осы алаңды пайдалана отырып, азаматтарды күмәнді схемаларға тарту фактілерінің алдын алу мақсатында алаяқтардың негізгі әдістеріне ерекше назар аударылды.

Нәтижесінде студенттер аталған акцияны оң қабылдады.

Ақмола облысының прокуратурасы