Ақкөл ауданының прокуратурасында жол-көлік оқиғаларының себептері мен олардың алдын алу шаралары талқыланды

Ақкөл ауданының прокуратурасында жол-көлік оқиғаларының себептері мен олардың алдын алу шаралары талқыланды

Ақкөл ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудан полиция бөлімінде жол қауіпсіздігін күшейту мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Кеңес жергілікті атқарушы органдардың, ҚазАвтоЖол өкілдерінің және өңірдегі автожолдардың жай-күйіне жауапты мердігер ұйымдардың қатысуымен өткізілді.

Жол-көлік оқиғаларының себептері мен жағдайлары, проблемалық мәселелер талқыланып, олардың алдын алу шаралары әзірленді.

Уәкілетті органдар бір жыл ішінде қайталама әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол берген жүргізушілер үшін профилактикалық түсіндіру іс-шараларын жүргізуге бағдарланған.

Кеңес қорытындысы бойынша арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды, оның мақсаты авариялық-қауіпті учаскелерге, автожолдардың жай-күйіне мониторинг жүргізу, жол-көлік оқиғаларына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау болады.

Ақмола облысының прокуратурасы