Аршалы ауданы прокуратурасы Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 2 мекемесінің өнеркәсіптік аймағында кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен аралау жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында кәсіпкерлерге өндірістік үй-жайлар көрсетіліп, мекеме аумағында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру шарттары түсіндірілді.
Аталған аралау жұмыстары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен өзара ынтымақтастық орнату мақсатында жүзеге асырылды.
Қабылданған шараларды іске асыру сотталғандардың еңбекпен қамтылу деңгейін арттыруға, оларды пайдалы еңбек қызметімен және тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл сот үкімдері бойынша азаматтық талаптарды өтеуге жағдай жасап, сотталғандардың түзелуіне және олардың кейінгі әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін болады.
Ақмола облысының прокуратурасы