Зеренді ауданының прокуратурасы «Балалық шақ қорғауда» акциясын өткізді

Зеренді ауданының прокуратурасы «Балалық шақ қорғауда» акциясын өткізді

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Зеренді ауданының білім беру ұйымдарында «Балалық шақ – қорғауда» акциясы өткізілуде.

Аудан прокуроры Д.Асқар, аудандық соттың төрағасы С.А. Устажанова және аудандық полиция бөлімінің бастығы Д.Жапаровпен Жоғары аграрлық-технологиялық колледжі студенттерімен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын-алу және қоғам алдындағы жауапкершілікті түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.

Буллинг пен кибербуллингтің алдын-алу, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың профилактикасы, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Педагогтардың, кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылу фактілерін уақтылы анықтау және жолын кесудегі рөлі атап өтілді.

Алдағы уақытта аталған іс-шаралар барлық мектептерде өткізілетін болады.

Ақмола облысының прокуратурасы