Облыс прокуратурасының бастамасымен ҚАЖ Департаментінің №7 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық, консультациялық көмек көрсету мақсатында «Сотталғандарды оңалту және әлеуметтік бейімдеу» ауқымды акциясы өткізілді.
Аталған іс-шараға прокуратура, полиция, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, әділет департаменті, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, нотариаттық палата, облыстық адвокаттар алқасы, денсаулық сақтау және білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ ҚАЖ қызметкерлері қатысты.
Акция түзету жолына түскісі келетін әрбір сотталушыға өзінің құқықтық мәселелерін шешудің нақты «рецептін» алуға және бостандықта толыққанды өмір сүруге дайын болуға бағытталған.
Акция барысында 100-ден астам сотталғандар қабылданды, олардың мәселелері шешілді.
Ақмола облысының прокуратурасы