Зеренді ауданы прокуратурасының қызметкерлерімен «Прокурор сағаты» өткізілді

Зеренді ауданы прокуратурасының қызметкерлерімен  «Прокурор сағаты» өткізілді

Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» нарративін іске асыру аясында Зеренді ауданы прокуратурасының қызметкерлері Зеренді ауылының № 1 ЖОББМ оқушыларының қатысуымен «Прокурор сағатын» өткізді.

Кездесу барысында заңға бағынған өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, қоғамдағы мінез-құлық нормаларын сақтау, өзге адамдардың құқықтарын құрметтеу және әрбір кәмелетке толмағанның жеке жауапкершілігі туралы өзекті мәселелер талқыланды.

Ақмола облысының прокуратурасы