Атбасар аудан прокуратурасының шараларымен 156 азаматқа жалақы бойынша берешек өтелді

Атбасар аудан прокуратурасының шараларымен 156 азаматқа жалақы бойынша берешек өтелді

«Атбасар су» ШЖҚ МКК қызметкерінің жалақының уақытында төленбеуі фактісі бойынша Атбасар ауданы прокуратурасына өтінішіне байланысты 2025 жылға арналған еңбек заңнамасының сақталуын талдау жүргізілді.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде 156 қызметкерге 26 млн теңге сомасындағы жалақы қарызы толық өтелді.

Ақмола облысының прокуратурасы