Жарқайың ауданының прокуратурасымен ақша бопсалау фактісі тоқтатылды

Жарқайың ауданының прокуратурасымен ақша бопсалау фактісі тоқтатылды

Прокурорлар жүзеге асыратын азаматтарды қабылдау — қадағалау қызметінің маңызды әрі өзекті бағыттарының бірі болып табылады.
Кей жағдайларда азаматтар мұны өз құқықтарын жедел қорғаудың жалғыз мүмкіндігі ретінде көреді.

Дәл осындай жағдай Жарқайың ауданында орын алды. Аудан прокуроры Олжас Уәлиевтің жеке қабылдауына үмітін үзген азамат жүгініп, өзінен ақша бопсалау фактісі туралы хабарлады.

Бопсалаушы ақша қаражатын беруді талап етіп, күш қолданамын деп қорқытқан.

Прокурор тарапынан шұғыл түрде шаралар қабылданып, ең алдымен аталған дерек бойынша қылмыстық іс СДТБТ-ға тіркелді. Тергеу барысында қылмыскердің кінәсін дәлелдейтін қажетті айғақтар жиналып, іс сотқа жолданды.

Өз кезегінде сот қылмыстық істің материалдарын зерттеп, айыптау тарапымен келісіп, заңды күшіне енген үкім шығарды.

Бұл жағдайда прокурорлардың жеке қабылдауының азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетігі болып қала беретінін тағы бір мәрте дәлелдеді. Себебі азамат тікелей жүгініп, жай ғана формальды жауаппен шектелмей, нақты құқықтық әрекетке қол жеткізе алады.

Ақмола облысының прокуратурасы