Құрылыс сапасы мен мерзімдері Целиноград ауданы прокуратурасының бақылауында

Құрылыс сапасы мен мерзімдері Целиноград ауданы прокуратурасының бақылауында

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында 2025 жылғы 14 қаңтарда Целиноград ауданының прокуратурасы Ақмол ауылында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын қарау мақсатында көшпелі іс-шаралар өткізді.

Аталған тұрғын үйлер әлеуметтік осал топтарға, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға арналғандықтан, құрылыс сапасы мен белгіленген мерзімдердің сақталуы ерекше әлеуметтік маңызға ие.

Қарау нәтижелері бойынша мердігер ұйымдарға және тапсырыс берушіге құрылыс мерзімдерін қатаң сақтау, сондай-ақ құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын мүлтіксіз орындау қажеттігі туралы ұсынымдар берілді.

Ақмола облысының прокуратурасы