Ақмола облысында ғылыми қызмет мемлекеттік қаражатты жасыру мақсатында пайдаланылған

Ақмола облысында ғылыми қызмет мемлекеттік қаражатты жасыру мақсатында пайдаланылған

Облыс прокуратурасы ғылымды дамыту және отандық өндірісті қолдау мақсатында бөлінген мемлекеттік гранттық қаражаттың тиімді жұмсалуына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында грант қаражатын тиімсіз пайдалану, жобалардың қайталануы, мемлекеттік мүліктің бүлінуі, сондай-ақ мәлімделген бастамалардың толық іске асырылмауы фактілері анықталды.

Атап айтқанда, бір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметінде 295 млн теңге көлеміндегі гранттық қаражаттың тиімсіз пайдаланылғаны белгілі болды. Аталған қаражат зауыт салу және өнім өндіру мақсатында бөлінгенімен, ол нысаналы мақсатына сай жұмсалмаған.

Қазіргі уақытта бұл қаражатты сот тәртібімен мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Тағы бір жағдайда ғылыми орталықтардың бірінің лауазымды тұлғалары ғылыми зерттеулер аясында өндірілген 850 тоннадан астам тұқымдық астықты полигонға шығарып тастаған. Соның салдарынан мемлекетке 100 млн теңгеден астам залал келтірілген.

Cалғыртық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді.

Тексеру нәтижесінде мемлекеттік қаржыландырудың бөлінгеніне қарамастан, бекітілген жоспарларға сәйкес іске асырылмаған 13 ғылыми жоба анықталды.

Жұмыс жалғасуда.

Ақмола облысының прокуратурасы