Шортанды ауданының прокуратурасы оқушылар үшін «Прокурор сағатын» өткізді

Шортанды ауданының прокуратурасы оқушылар үшін «Прокурор сағатын» өткізді

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Шортанды ауданы прокуратурасымен Шортанды кентіндегі № 2 Шортанды орта мектебінің оқушыларына «Прокурор сағаты» өткізілді.

Іс-шара ҚР Конституциясына, әр адамның құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ күнделікті өмірде заңдарды сақтаудың маңыздылығына арналды. Оқушыларға қолжетімді нысанда негізгі конституциялық қағидаттар, заңның қоғамдағы рөлі және оны бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.

Ашық диалог барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өмірде кездесуі мүмкін құқықтық жағдайлар бойынша практикалық түсіндірмелер алды.

Мұндай іс-шараларды өткізу жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сана деңгейін арттыруға және өскелең ұрпақ арасында заңға құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Ақмола облысының прокуратурасы