Шортанды ауданының прокуратурасы тұрғын үйлердің жылумен қамтамасыз етілу сапасын бақылауда ұстап отыр

Шортанды ауданының прокуратурасы тұрғын үйлердің жылумен қамтамасыз етілу сапасын бақылауда ұстап отыр

Облыс прокуратурасының тапсырмасын орындау мақсатында аудан прокуратурасымен тұрғын үйлердің жылумен қамтылу жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

Жылу сапасының төмендігіне байланысты тұрғындардың шағымы көрсетілген бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланым орын алған.

Осыған байланысты 08.01.2026 жылы аудан прокуратурасының қызметкерлері жергілікті атқарушы органның өкілдерімен бірлесіп, қазандықтарға, сондай-ақ Новая көшесінде тұратын тұрғындардың пәтерлеріне барып, қалыптасқан жағдайдың себептеріне талдау жүргізді, жергілікті атқарушы орган мен авариялық қызметтің жұмысы үйлестірілді.

Қазіргі уақытта температуралық көрсеткіштер нормаға келтірілді, жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жауапты уәкілетті тұлғаларға тиісті ұсынымдар берілді.

Аталған жағдай аудан прокуратурасының бақылауында.

Ақмола облысының прокуратурасы