Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 82 млн теңгеге жер мемлекетке қайтарылды

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 82 млн теңгеге жер мемлекетке қайтарылды

Сандықтау ауданының прокуратурасы жер комиссиясының қызметін талдау барысында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс қорытындыларын шығару кезінде заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады.

Конкурстың қорытындылары үш кезеңде шығарылғаны анықталды, ал қолданыстағы заңнамада конкурс өткізілгеннен кейінгі күні қорытындыларды шығару көзделген. Бұл конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігіне теріс әсер еткен.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот тәртібімен 7 жалдау шартын жарамсыз деп тануды қамтамасыз етті. Нәтижесінде мемлекет меншігіне жалпы ауданы 1 400 гектар болатын, құны 82 млн теңге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері қайтарылды.

Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Ақмола облысының прокуратурасы