Иглик ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құру

Иглик ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құру

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Ақмола облысы Есіл ауданы Иглик ауылында орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі пайдалануға берілді.

Жоба әлеуметтік-экономикалық даму жоспары шеңберінде прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырылды және аудандағы инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.

Аудан прокуроры ауыл тұрғындарын құрылыстың аяқталуымен құттықтап, бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін іске қосу 250-ден астам тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді, тұруға қолайлы жағдай жасайды және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді.

                                                    Ақмола облысының прокуратурасы