Атбасар ауданында балаларға Жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл-күй сыйланды

Атбасар ауданында балаларға Жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл-күй сыйланды

       Жаңа жыл мерекесінің алдында Атбасар ауданы прокуратурасы ауданның жас тұрғындары үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Прокуратура қызметкерлері балаларды құттықтап, тәтті сыйлықтар мен жаңа жылдық сувенирлерді табыстады.
       Аудан прокуратурасы өскелең ұрпақты қолдаудың маңыздылығын атап өтті және алдағы жылдың балаларға бақыт, денсаулық пен оқу жетістіктерін әкелуіне үміт білдірді.

                                                                   Ақмола облысының прокуратурасы