Жарқайың ауданында «Жас ұрпақ» қозғалысының қатары жаңа мүшелермен толықты

Жарқайың ауданында «Жас ұрпақ» қозғалысының қатары жаңа мүшелермен толықты

Жарқайың ауданы Валиханова ауылының орта мектебінде «Жас ұрпақ» республикалық балалар мен жасөспірімдер қозғалысына қабылдау салтанатты түрде өтті.

Іс-шараға аудан прокуроры мен  білім бөлімінің өкілдері қатысып, өз сөздерінде өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, заңға құрметпен қарауға және жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіруге тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында 20 оқушы қозғалыс қатарына қабылданып, қоғамдық өмірге белсенді қатысуға, тәртіп пен жауапкершілікті сақтауға дайын екендіктерін білдірді.

Бүгінгі таңда аудан бойынша «Жас ұрпақ» қозғалысы барлық білім беру ұйымдарынан 158 баланы біріктіріп отыр. Бұл – өскелең ұрпақтың азаматтық белсенділігін арттыру және тәрбиелік бағыттағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақты отансүйгіштікке, жауапкершілікке және белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеуге ықпал етеді.

Ақмола облысының прокуратурасы