Ерейментау ауданы прокуратурасының араласуынан кейін мұғалімдерге еңбекақы қарызы өтелді

Ерейментау ауданы прокуратурасының араласуынан кейін мұғалімдерге еңбекақы қарызы өтелді

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау – прокуратура органдарының қадағалау қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.

Ерейментау ауданының прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында Білім бөлімімен еңбекақы төлемеу деректері анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 247 млн теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы толық өтеліп, 1 732 мұғалімдердің еңбек құқықтары қорғалды.

Аудан прокуратурасы жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, еңбекақыны уақытылы әрі толық төлеу қажеттігін еске салады.

Ақмола облысының прокуратурасы