«Заң мен тәртіп» идеология аясында 2025 жылдың басынан бастап Көкшетау қ. прокуратурасы Полиция басқармасымен және Әкімдікпен бірлесіп құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейтуге және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған «Көкшетау — қауіпсіз қала» жобасын, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу шараларын жүзеге асыруда.
Оны жүзеге асыру барасында ең проблемалы ойын-сауық орындары анықталды, олардың жанына жылжымалы полиция пунктері орнатылды, қылмыстық аймақтардағы экипаждар мен маршруттар саны ұлғайтылды, бейнебақылау жүйесі кеңейтілді, мектептердің бірінде жеке тұлғаны және жанжал жағдайларды тануы бар жасанды интеллект камераларымен жабдықталған «Protector AI» интеллектуалды қауіпсіздік жүйесі енгізілді, жол жөндеу жұмыстары жүргізілді және көше жарығы орнатылды, алкогольді заңсыз сатуға, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бақылау күшейтілді.
Жоғарыда аталған шаралар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және қаладағы қылмыс деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.
Ақмола облысының прокуратурасы
#заң_мен_тәртіп