
«Заң мен тәртіп” тұжырымдамасы аясында Ақмола облысының прокуроры - Жекпе-жек өнері қауымдастығының Президенті Руфат Құттықовтың бастамасымен Ақмола облысының прокуратурасы Астана қаласы Жекпе-жек Ұлттық спорт федерациясымен (бұдан әрі - Федерация) бірлесіп Жекпе-жектен ересектер мен жастар арасында ашық чемпионат өткізді.
Бұл іс-шараның басты мақсаты - жастарды нашақорлықтан, құмар ойындардан және басқада жат әдеттерден аулақ етіп, спортпен шұғылдануға ынталандыру. Чемпионатқа Қазақстанның өңірлерінен 42 спортшы қатысып, жеңімпаздарға медальдар, грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ Руфат Құттықов спорт әлемінде жеткен жоғары жетістіктері үшін және спорт түрлерінің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлкен үлесі үшін «Күш атасын танымас!» өнерінің дәріптеушісі, Гиннесс рекордтар кітабының рекордшысы, Армлифтинг пен Пауэрспорттан 27 дүркін Әлем чемпионы, 21 дүркін әлем рекордшысы, бірнеше спорт түрлерінің шебері, Қоғам қайраткері, халық арасында «Тас палуан» атымен танымал Арман Сүлейменге, әлемдік рекордшы, Джиу- Джитсудан Әлем чемпионы, Грэплингтен, Жауынгерлік самбодан, Аралас жекпе-жектен, КА-1 және Кэмпо спорт түрлерінен, Каратэден, Грек-рим күресінен бірнеше халықаралық турнирлерінің жүлдегері, спорт шебері, Федерацияның президенті Азим Әбдіркеновке және басқа да спортқа үлкен үлесін қосқан тұлғаларға Алғыс хаттарды табыс етті!
Ақмола облысының прокуратурасы