2025 жылғы 25 желтоқсанда Ақмола облысы прокуратурасында өңір прокуратура органдарының ағымдағы жылдың алғашқы алты айындағы қызметінің қорытындылары бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Жалпы алғанда қылмыс деңгейі 2%-ға төмендеді, оның ішінде кісі өлтіру деректері 25%-ға, ауыр дене жарақатын келтіру қылмыстары 6%-ға азайды, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 3%-ға, көшелерде тіркелген қылмыстар 7%-ға қысқарды.
Алкогольдік қылмыстың алдын алу мақсатында полиция органдарымен бірлесіп «Зиялы Қауым» жобасы іске асырылуда. Аталған жоба облыстың барлық 20 ауданын, 589 ауылды қамтып, шамамен 300 мың тұрғынды қамтыды. Алкоголь өнімдерін тұтынудан бас тарту нәтижесінде соңғы бір жыл ішінде 98 (589 ауылдың ішінен) елді мекенде бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ.
Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында мемлекет меншігіне 5,3 млрд теңге көлеміндегі мүлік қайтарылып, бюджетке 1,3 млрд теңге өндірілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 58 мың азаматтың, оның ішінде 15 мың конституциялық құқықтары қорғалды.
Инвесторларды сүйемелдеу аясында инвестиция көлемі 295 млрд теңгеден асатын 20 проблемалық кейс шешілді.
Қосшы қаласында «Сиреневый сад» тұрғын үй кешенінің 110 алданған үлескеріне қатысты 10 жыл бойы шешілмей келген мәселе толықтай шешілді.
Отырыста қалалық және аудандық прокурорлардың, құрылымдық бөлімшелер басшыларының есептері тыңдалып, қадағалау, құқық қорғау және үйлестіру жұмыстарының негізгі нәтижелері талқыланды.
Құқықбұзушылықтардың алдын алу мен құқықтық тәртіпті нығайтудың жүйелі негізі ретінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға ерекше назар аударылды. Облыс прокуроры Руфат Құттықов алдағы кезеңге арналған басты міндеттерді атап көрсетті.
«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі жобалық офис жұмысы аясында қылмыстың алдын алу, халықты әлеуметтік қорғау және қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылатыны атап өтілді.
Алқа қорытындысы бойынша тиісті бөлімшелерге, облыс қалалары мен аудандарының прокурорларына ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге, қадағалау қызметінің тиімділігін арттыруға және Ақмола облысындағы заңдылықты одан әрі нығайтуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
Ақмола облысының прокуратурасы