
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Ерейментау ауданының прокуратурасы оқушылармен түсіндіру кездесуін өткізді.
Іс-шараға аудан прокуроры қатысып, оқушыларға қоғамда заңға, әділдікке, жауапкершілік пен құқықтық тәртіпті қалыптастыруға бағытталған тұжырымдаманың негізгі қағидаттары туралы айтып берді.
Кездесу барысында оқушыларға заңның сақталуы әр азаматтың міндеті ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз және әділ қоғамның негізі екендігі түсіндірілді. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік, сондай-ақ құқықтық мәдениет пен тәртіптің маңыздылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында оқушылар командаларға бөлініп, пікірсайыс өткізді, жеңімпаздар командасы кубокпен марапатталды.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және оқушылардың заңға, қоғамдық талаптарға саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.
«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде өскелең ұрпақты құқықтық ағарту жұмыстары жалғасуда.
Ақмола облысының прокуратурасы