Ерейментау ауданында оқушылар «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің қатарына қабылданды

Ерейментау ауданында оқушылар «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің қатарына қабылданды

Облыс прокуратурасының бастамасымен Ерейментау ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудан аумағында оқушыларды «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігіне қабылдау бойынша салтанатты іс-шара өтті.

50 оқушы бірлестік қатарына қосылды, іс-шараға полиция және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

«Жас Ұрпақ» қозғалысының қатысушылары патриотизм тақырыбында пікір-талас сайысын өткізді.

Жобаның мақсаты-балаларға өмірлік құндылықтарды, аға буынға құрметті, патриотизмді, этикет ережелерін үйрету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Ақмола облысының прокуратурасы