Біржан сал ауданындағы «Прокурор сағаты»

Біржан сал ауданындағы «Прокурор сағаты»

Степняк қаласында Біржан сал ауданының прокуроры №1 және №2 жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен «Құқықтық білім және өз құқықтарын қорғау» тақырыбында «Прокурор сағаты» профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында өтті және өскелең ұрпақты құқықтық тәрбиелеуге, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алуға бағытталған.

Оқушыларға Конституцияның негізгі нормалары, балалардың құқықтары мен міндеттері, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері, оның ішінде буллингке қарсы іс-қимыл мәселелері түсіндірілді.

Кездесу ашық диалог пен тренинг форматында өтті, онда оқушылар салауатты өмір салтын ұстануға және заңға бағынатын мінез-құлыққа ұмтылысын көрсетті.        

Ақмола облысының прокуратурасы