
Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен Шортанды ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудан аумағында оқушыларды «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігіне қабылдау бойынша салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Жобаның мақсаты - балаларға өмірлік құндылықтарды, аға буынға құрметті, патриотизмді, этикет ережелерін үйрету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Ақмола облысының прокуратурасы