Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен бюджетке 19 млн теңге көлемінде қосымша салық есептелді

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен бюджетке 19 млн теңге көлемінде қосымша салық есептелді

Атбасар ауданының прокуратурасы көлеңкелі экономика саласында заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді және кәсіпорындар салық базасын төмендетіп, мүлік салығын толық төлемегені анықталды.

Жекелеген салық төлеушілер өздеріне тиесілі объектілердің құнын негізсіз төмендеткен, бұл мемлекеттік бюджетке қаражаттың түспеуіне әкелген.

Қадағалау актісінің нәтижелері бойынша мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 19 млн теңге көлемінде қосымша салық есептелді.

Ақмола облысының прокуратурасы