
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету, оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында, аудан прокуратурасы білім беру ұйымдарында «Прокурор сағатын» ұйымдастырды.
Іс-шара барысында прокуратура өкілдері оқушыларға қолданыстағы заңнама негіздерін, кәмелетке толмағандардың жауапкершілік ерекшеліктерін түсіндіріп, сондай-ақ Интернеттегі қауіпсіздік мәселелерін қоса алғанда, жеке қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты маңызды тақырыптарды талқылады. Заңды құрметтеу және қоғамдағы саналы тәртіптің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Оқушылар өз құқықтарын қорғау, қауіпсіз мінез-құлық және әртүрлі өмірлік жағдайларда әрекет ету алгоритмдері бойынша қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Аудан прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде құқықтық ағартушылық жұмыстарын, соның ішінде жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шараларды жалғастырады.
Ақмола облысының прокуратурасы