
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Қосшы қаласының Мәдениет және спорт кешенінің акт залында «Өз көршіңді таны» жобасы форматында іс-шара өтті.
Бағдарламаға Қосшы қаласының тұрғындары мен қонақтары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен жастар бірлестіктері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын арттыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ азаматтар мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара сенім мен тиімді қарым-қатынасты нығайту. Жоба көршімен татулық мәдениетін қалыптастыруға, қауіпсіз қоғамдық кеңістік құруға және жергілікті мәселелерді шешуге тұрғындарды жұмылдыруға бағытталған.
Бастама Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, Қосшы қаласы прокуратурасының, жергілікті әкімдіктің және полиция бөлімінің қолдауымен іске асырылды. Қатысушылар құқықтық маңызы бар мәселелер бойынша түсініктемелер алып, өздерін толғандырған сұрақтарды талқылап, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерімен танысты.
Іс-шара «Заң және Тәртіп» қағидатын қоғамдық құндылықтар жүйесіне енгізу аясында өтіп, тұрақтылықты, өзара құрметті және қала кеңістігінің үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ортақ жауапкершіліктің маңызын атап өтті.
Ақмола облысының прокуратурасы