Бүгін, облыс прокуратурасында Қазақстан Республикасының Прокуратура күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған прокуратура органдарының қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.
Іс-шара барысында облыс прокуроры Руфат Құттықов прокуратура органдарының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, олардың заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі еңбектерін атап өтті.
Бұл күні облыс прокуратурасының жекелеген қызметкерлері қызметтік міндеттерін мінсіз және адал атқарғаны үшін мерзімінен бұрын сыныптық шендермен, «Прокуратураның құрметті қызметкері», «Прокуратура үздігі» төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Құрмет грамоталарымен, облыс прокурорының алғыс хаттарымен марапатталды.
Салтанатты шараның соңы мерекелік концертке ұласты.
Ақмола облысының прокуратуры