Ақкөл ауданында ішімдіксіз ауыл!

Ақкөл ауданында ішімдіксіз ауыл!

«Заң мен Тәртіп» акциясы аясында, Ақкөл аудандық прокуратурасының бастамасымен және жергілікті қауымдастықтың белсенді қолдауымен, 320 тұрғыны бар және 82 үйдің орналасқан Барап ауылы ресми түрде «Ішімдіксіз ауыл мәртебесіне» ие болды.

Ауылда екі дүкен бар және олардың иелері өз еріктерімен алкоголь өнімдерін сату лицензияларынан бас тартып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосты.

Мұндай шешім – ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғауға, жастарды зиянды әдеттерден сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Прокуратура тарапынан жүргізілген түсіндіру жұмыстары мен кездесулер нәтижесінде кәсіпкерлер мен ауыл ақсақалдары бастаманы бір ауыздан қолдады.

Бұл – билік пен қоғамның ортақ мүдде үшін бірлесе әрекет еткенінің айқын дәлелі.

Салауатты орта – жарқын болашақ кепілі!

Ақмола облысының прокуратурасы