Атбасар ауданы прокуратурасы тұрғындардың жеке қабылдауын өткізді

Атбасар ауданы прокуратурасы тұрғындардың жеке қабылдауын өткізді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жариялаған «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Атбасар ауданының прокуратурасы жергілікті атқару және құқық қорғау органдарымен бірлесіп Полтавка, Покровка және Борисовка ауылдарына жұмыс сапарымен барды.

Мақсаты-құқықтық тәртіпті нығайту, мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру және тұрғындарды толғандыратын мәселелерді жедел шешу.

Кездесулер барысында азаматтардың өтініштері қабылданып, өзекті тақырыптар бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ жергілікті жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту және одан әрі өзара іс-қимыл жасау шаралары белгіленді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы