Бурабай ауданының прокуратурасы оқушыларға көрсетілімді сот процестерін ұйымдастырды

Бурабай ауданының прокуратурасы оқушыларға көрсетілімді сот процестерін ұйымдастырды

Бурабай ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында IT «Білім-Инновация» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушылары үшін көрсетілімдік сот процесін ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты — жоғары сынып оқушыларына есірткі құралдарын қолдану мен таратудың қайтымсыз қиындықтарға әкелетінін, сондай-ақ осы саладағы «жеңіл табыс» туралы ойдың қылмыстық жауапкершілікке және болашақтан айырылуға соқтыратынын көрнекі түрде түсіндіру.

Оқушылар нақты сот отырысының қалай өтетінін көрді: тараптардың пікірталасын тыңдады, сотталушының соңғы сөзін және үкімнің жариялануын бақылап отырды. Процесс аяқталғаннан кейін Бурабай аудандық сотының судьясы Иргебаева С.А. оқушыларға үндеу жасап, заңды сақтауға, жастықты қадірлеуге және өмірде саналы таңдау жасауға шақырды.

Бурабай ауданының прокуратурасы жастарды сақ болуға, «жеңіл табыс» елесіне ермеуге және есірткі айналымының заңсыз жолдарымен байланысудың салдары қандай болатынын әрдайым есте сақтауға шақырады. Өздеріңізді және болашақтарыңызды бағалаңыздар.

 

Ақмола облысының прокуратурасы