Облыс прокуратурасы студенттермен «Прокурор сағатын» өткізді

Облыс прокуратурасы студенттермен «Прокурор сағатын» өткізді

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» тапсырмасын іске асыру аясында облыс прокуратурасы А. Мырзахметов университетінің студенттерімен «Прокурор сағатын» өткізді.

«Прокурор сағаты» – оқушылар мен студенттер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқықтық сананы арттыруға, сондай-ақ құқық бұзушылық пен жарақаттанудың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстың жаңа форматы.

Кездесу барысында студенттерге қауіпсіздік және құқық мәселелері бойынша тақырыптық әрі интерактивті тренингтер ұйымдастырылды.

Іс-шараға 100-ден астам студент қатысты.

Бұл бастаманы жүзеге асыру кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының тиімділігін айтарлықтай арттырып, жарақат алу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы