
Ағымдағы жылғы 26 қарашада Біржан сал ауданының прокуроры Ануар Құлышев жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, «Халық заңгері» акциясы аясында Краснофлот, Еңбекшілдер және Кеңащы ауыл тұрғындарымен көшпелі кездесулерді өткізді.
Кездесулер барысында жергілікті қадағалау органының басшысы ауыл тұрғындарының бірқатар сұрақтарына жауап беріп, «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасының нормаларын түсіндірді, қылмыстың алдын алуға және алкогольді ішуден өз еркімен бас тартуға бағытталған қосымша шараларды ұсынды.
Сонымен қатар, аудан прокуроры Кеңащы ауылында жаңадан тұрғызылған заманауи мектептің әл-ауқатымен танысып, оқытушылар құрамымен кездесті.
Іс-шаралар соңында тұрғындарға интернет-алаяқтық қылмыстарын және нашақорлықты алдын алу бойынша арнайы брошюралар таратылды.
Аудан прокуратурасы бұл акцияны барлық жергілікті ауылдық округтерді қамту үшін жалғастыруды жоспарлауда.
Ақмола облысының прокуратурасы