
Осы жылдың 17–24 қараша аралығында Жарқайың ауданының прокуратурасы әкімдікпен және уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ауданның барлық елді мекендерінде халықпен көшпелі кездесулер өткізді.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру болып табылады.
Кездесулер барысында тұрғындармен заңдылықты қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, жер қатынастары, коммуналдық қызметтер, абаттандыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және ауыл тұрғындарын толғандыратын өзге де күнделікті мәселелер талқыланды.
Прокуратура және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қолданыстағы заңнама нормалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әрбір көтерілген мәселе бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Бірқатар мәселелер сол жерде шешілді, қалғаны бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Осындай форматтағы кездесулер халық пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ашық диалогты дамытуға, сондай-ақ заңдылық, айқындық және биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігі қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
Аталған бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғастырылатын болады.
Ақмола облысының прокуратурасы