Облыс прокуратурасы жоғары сынып оқушыларының өңірдегі пенитенциарлық мекемелердің біріне баруын ұйымдастырды.
Оқушыларға қылмыстың әртүрлі санаттары бойынша сотталғандардың жазасын өтеу жағдайлары көрсетіліп, құқыққа қайшы әрекеттердің құқықтық салдары түсіндірілді.
Аталған іс-шара өскелең ұрпақтың құқық бұзушылықтарға төзімсіздігін қалыптастыруға, олардың құқықтық санасын арттыруға және заң талаптарын сақтамаудың нақты салдарын көрсетуге бағытталған.
Кездесу барысында прокуратура қызметкерлері заңнаманы сақтау маңыздылығы, қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік және заңға мойынсұнған өмір салтын ұстану қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Облыс прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға және жасөспірімдер қылмысының деңгейін төмендетуге бағытталған профилактикалық бастамаларды іске асыруды жалғастыруда.
Ақмола облысының прокуратурасы