Ақмола облысының прокуратурасында мүлікке қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды

Ақмола облысының прокуратурасында мүлікке қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды

2025 жылғы 25 қарашада - Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықовтың  төрағалығымен құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен мүлікке қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі бойынша алқа отырысы өтті.

 Жиын барысында Полиция департаментінің жекелеген бөлімшелерінің жұмысындағы кемшіліктер атап өтілді.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша кешкі және түнгі уақыттарда көше патрульдеуін күшейту, сауда нүктелерінің иелерімен жүйелі профилактикалық жұмысты жолға қою, құқықбұзушылыққа бейім адамдармен жұмысты жандандыру, сондай-ақ қылмыстық істерді сапалы және уақтылы тергеп-тексеруді қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен бірге, облыс прокуратурасы азаматтардың мүлкінің қорғалу деңгейін арттыруға және мүлікке қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз мүлік – қауіпсіз қоғам» жобасын таныстырды.

Облыс прокуратурасы өңірдегі қылмыспен күрес бағытында құқық қорғау органдарының жұмысын үйлестіруді жалғастыратын болады.

 

Ақмола облысының прокуратурасы