Облыс прокуратурасы «Прокурор сағаты» атты жаңа білім беру-алдын алу жобасын қолға алды

Облыс прокуратурасы «Прокурор сағаты» атты жаңа білім беру-алдын алу жобасын қолға алды

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» бастамасын іске асыру аясында облыс прокуратурасы «Прокурор сағаты» атты жаңа білім беру-алдын алу жобасын қолға алды.

«Прокурор сағаты» оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық санасын арттыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен балалар жарақаттануының алдын алуға бағытталған.

Облыстың барлық мектептерінде 6-11-сынып оқушылары үшін полиция, құтқару қызметі, медицина қызметкерлері және басқа да мамандардың қатысуымен прокуратура қызметкерлері өткізетін тұрақты сынып сағаттары енгізіледі.

Сабақтар интерактивті әңгімелерді, тақырыптық дәрістерді, сондай-ақ қауіпсіздік пен құқық саласындағы практикалық тренингтерді қамтиды.

Оқушыларға жанжалдан дұрыс шығу жолдары, қауіпті ортаның ықпалынан аулақ болу, көшеде, үйде және интернетте өзін қорғау тәсілдері, төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету алгоритмі үйретіледі.

Аталған іс-шаралар кешені кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың тиімділігін едәуір арттырып, балалар жарақатының деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

«Прокурор сағаты»  саналы әрі әлеуметтік жауапты жас ұрпақты қалыптастырудағы маңызды қадам.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

#Заң_мен_тәртіп_Ақмола