2025 жылдың 21 қарашасында Есіл ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында барлық қалалық мектептердің педагогтарымен жұмыс кездесуін өткізді. Іс-шара кәмелетке толмағандардың әл-ауқаты мен қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуге байланысты негізгі мәселелерді талқылауға бағытталған.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, ағымдағы жағдайды талдауға және мектеп ортасындағы жағымсыз көріністердің тиімді алдын алуға мүмкіндік беретін шараларға ерекше назар аударылды.
Оқушылардың үлгерімі мен білім сапасына әсер ететін факторлар жеке блокта қарастырылды. Мұғалімдер балалардың оқу мотивациясы мен белсенділігін арттырудың үздік тәжірибелері туралы пікір алмасты.
Сондай-ақ қатысушылар оқыту процесінде туындайтын өзекті мәселелерді, соның ішінде тәртіп, психологиялық сүйемелдеу, ата — аналармен өзара іс-қимыл және жайлы білім беру ортасын құру мәселелерін талқылады.
Прокуратура педагогикалық қоғамдастықпен тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, мұндай кездесулер проблемаларды уақтылы анықтауға және шешуге, сондай-ақ мектептердегі профилактикалық жұмысты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Ақмола облысының прокуратрасы