
2025 жылғы 5 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттің ішкі саясатының негізгі қағидаттары мен бағыттары бекітілді.
Ішкі саясаттың басты идеясы – Әділетті Қазақстанды құру.
Ішкі саясаттың жүзеге асырылуы «Заң мен Тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Адал азамат» және басқа да стратегиялық құжаттарда белгіленген қағидаттарға негізделген.
Заңдылық пен тәртіпті қамтамассыз ету үшін мемлекеттік органдар мен азаматтардың күш-жігерін жұмылдыру қажет.
Мемлекет саясатын жүзеге асыру мақсатында облыс прокуратурасы танымал тұлғаларды, ардагерлерді және қоғам пікірінің көшбасшыларын тартады.
Осыған байланысты облыс прокуратурасы прокуратура ардагерлерімен бірлесіп «Заң мен Тәртіп» Концепциясын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңесті құрды.
Кеңестің төрағасы болып еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан Республикасы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Ерғалиев Жабал Ерғалиевич сайланды.
Облыс прокуроры Руфат Құттықов Кеңестің құрылуы құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісінде мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ақмола облысының прокуратурасы