Ерейментау ауданының прокуратурасымен пробация қызметінің есебінде тұрғандардың қатысуымен ашық сот отырысын ұйымдартырды

Ерейментау ауданының прокуратурасымен пробация қызметінің есебінде тұрғандардың қатысуымен ашық сот отырысын ұйымдартырды

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын және облыс прокуратурасының «Рецидивтің алдын алу» жобасын іске асыру шеңберінде, Ерейментау ауданы прокуратурасы аудандық сотпен бірлесе отырып, пробация қызметінің есебінде тұрғандардың қатысуымен ашық сот отырысын өткізді. 

Сот пробация қызметінің жазаны өтеу тәртібінің белгіленген талаптарын бірнеше рет бұзуға жол берген сотталған «С»-ға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынуын қарады. 

Ұсынуды қарау нәтижелері бойынша, прокурормен сотталғанға қатысты бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру қажеттілігі жөнінде қорытынды берілді.

Аудандық соттың қаулысымен сотталған «С»-қа 2 жыл 10 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы бас бостандығынан айыру түріндегі жазасына ауыстырылды. 

Бұл процесті пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың қатысуымен ашық форматта өткізу рецидивтік қылмыстың алдын алудың және құқықтық сананы арттырудың пәрменді нысаны болып табылады.

 

Ақмола облысының прокуратурасы