Біржан сал ауданының прокуратурасы оқушылармен түсіндірме жұмыстары

Біржан сал ауданының прокуратурасы оқушылармен түсіндірме жұмыстары

Біржан сал ауданының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, Степняк қаласындағы №1 орта мектебінің оқушыларымен кездесуді өткізді.

         Іс-шара «Заң мен Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру және «Вейп және оның зардаптары» тақырыбындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында өтті.

Жасөспірімдерге вейп өнімдерінің зияны, оны қолданудың салдары туралы түсіндіріліп, заңды жауапкершілік, оның ішінде буллинг саласында да жеткізілді.

Мектеп оқушыларымен кездесуде ашық диалог пен тренинг өтіп, онда оқушылар салауатты өмір салтын ұстануға және заңға бағынатын мінез-құлыққа ұмтылысын көрсетті.

Прокуратураның кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық жұмыстары жалғастырылатын болады.

Ақмола облысының прокуратурасы