Бұланды ауданының прокуратурасымен көрсетілімді сот процесі ұйымдастырылды

Бұланды ауданының прокуратурасымен көрсетілімді сот процесі ұйымдастырылды

Бұланды ауданының прокуратурасымен «Заң және Тәртіп» нарративі аясында, қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында көрсетілімді сот процесі ұйымдастырылды.

Сот отырысында азамат А. ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Іс-шараға ауданның пробация есебінде тұрған тұлғалар қатысты. Көрсетілімді сот процесі құқық бұзушылықтың салдарын түсіндіруге және азаматтардың құқықтық санасын арттыруға ықпал етеді.

Бұланды ауданының прокуратурасы тұрғындарды заң талаптарын сақтауға және құқық бұзушылыққа төзбеушілік танытуға шақырады.

 

Ақмола облысының прокуратурасы