Прокуратура қырағы болып, алаяқтардың құрбаны болмауға шақырады

Прокуратура қырағы болып, алаяқтардың құрбаны болмауға шақырады

Құрметті азаматтар!

 

Қазіргі уақытта интернет алаяқтықтың жаңа түрлері жиілеп отыр.

Алаяқтар әлеуметтік желілер, хабарламалар және онлайн-платформалар арқылы азаматтарды адастырып, олардың жеке деректері мен қаржысын иемденуге әрекет жасауда.

Осыған байланысты қала прокуратурасы төмендегі сақтық шараларын сақтау қажеттігін ескертеді:

        - күмәнді сайттар мен жарнамаларға сенім артпаңыз;

        - банк шоты/картасы деректерін, құпия кодтарды және өзге де жеке ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеңіз;

        - онлайн төлемдерді тек ресми әрі тексерілген сервистер арқылы жүргізіңіз.

Естеріңізге саламыз, қауіпсіздік өз қолыңызда, сақ болыңыз сонда алаяқтардың құрбаны болмайсыз.

 

Ақмола облысының прокуратурасы