«Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Қосшы қаласы полиция бөлімі, жергілікті атқарушы орган, коммуналдық қызметкерлер, қалалық маслихат депутаттары және волонтерлардың қатысуымен, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында апталық профилактикалық акция ұйымдастырылуда.
Акцияның негізгі мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақыру, көлік жүргізу мәдениетін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейту болып табылады.
Іс-шара барысында:
қала аумағында көлік құралдарының жылдамдық режимін бақылау;
қысқы жол жағдайына сай дөңгелектердің орнатылуын тексеру;
жаяу жүргіншілер өткелдері мен жолаушылар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қосшы қаласының прокуратурасы жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау әр азаматтың өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі екенін атап өтеді.
Ақмола қаласының прокуратурасы