Бұланды ауданында «Стоп-Вейп» акциясы өткізілді

Бұланды ауданында «Стоп-Вейп» акциясы өткізілді

Бұланды ауданы прокуратурасымен «Заң және Тәртіп» жобасы аясында электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ оларға арналған сұйықтықтар мен хош иістендіргіштерді ерікті түрде тапсыруға бағытталған «Стоп-Вейп» профилактикалық акциясы өткізілді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 301-1-бабына сәйкес, электрондық тұтыну жүйелерін заңсыз сақтау, өткізу және тарату үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.

Акция аясында «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігімен бірлесіп, мектеп оқушылары арасында вейптердің зияны және ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабында көзделген жауаптылық (электрондық тұтыну жүйелерін заңсыз сақтау, өткізу және тарату үшін қылмыстық жауаптылық)  туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әрбір азамат электрондық тұтыну жүйелерін ешқандай құқықтық салдарсыз ерікті түрде тапсыра алады.

Прокуратура азаматтарды вейп қолданудан бас тартып, денсаулық пен қауіпсіздікті таңдауға шақырады.

Ақмола облысының прокуратурасы