Көкшетау қалалық сотында сотталушыға қатысты жария сот отырысы өтті

Көкшетау қалалық сотында сотталушыға қатысты жария сот отырысы өтті

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын және облыс прокуратурасының  «Рецидивтің алдын алу» жобасын іске асыру шеңберінде, 10.11.2025 ж. Көкшетау қалалық сотында пробация қызметінің есебінде тұрғандардың қатысуымен жария сот отырысы өтті.

Сот пробация қызметінің жазаны өтеу тәртібінің белгіленген шарттарын бірнеше рет бұзуға жол берген сотталған «К»-ға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынуын қарады.

Материалдарды қарау нәтижелері бойынша, тараптардың пікірін және прокурордың жазаны одан әрі өтеу тек қамауда ұстау жағдайында ғана мүмкін екендігі туралы қорытындысын ескере отырып, сотталған «К»-ға бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

Бұл процесті пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың қатысуымен ашық форматта өткізу рецидивтік қылмыстың алдын алудың және құқықтық сананы арттырудың пәрменді нысаны болып табылады.

 

Көкшетау қаласының прокуратурасы