Құрметті Бурабай ауданының оқушылары, мектеп және колледж студенттері!

Құрметті Бурабай ауданының оқушылары, мектеп және колледж студенттері!

Егер сіздер бопсалау, буллингке, немесе кез келген басқа қысым фактілеріне тап болсаңыздар, есте сақтаңыз — сіздер бұл жағдайда жалғыз емессіздер.

Әрбір баланың құрметке, қауіпсіздікке және оқу үшін тыныш ортаға құқығы бар.

Сіздер Бурабай ауданы прокуратурасына бопсалау, буллинг және кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу фактілері бойынша, «қызыл желі» 87753670244 нөмірі арқылы хабарласа аласыздар.

Барлық өтініштер заңда белгіленген тәртіппен қаралады, өтініш берушілердің құпиялылығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Ақмола облысының прокуратурасы