Құрметті Бурабай ауданының тұрғындары!

Құрметті Бурабай ауданының тұрғындары!

Ауданымызда «Вейпті тапсырып – салауатты болашаққа қадам бас!» атты әлеуметтік акция басталады.

Акция аудан прокуратурасы мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен ұйымдастыруымен өткізіледі.

Акция аясында вейптер, электрондық темекілер және олардың құрамдас бөліктері қабылданады.

Қабылдау орны: «Жастар ресурстық орталығы»,  Щучинск қ., Абылай хан көшесі, 32

 Жұмыс уақыты: күнделікті 09:00-ден 18:00-ге дейін

Акцияның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және зиянды әдеттердің таралуының алдын алу.

Вейпті тапсыру арқылы сіз өзіңіздің және айналаңыздың таза әрі салауатты болашағына үлес қосасыз.

Акция қараша айының соңына дейін жалғасады.

Өз таңдауыңызды жасаңыз – салауатты өмірге қадам басыңыз!

 

Ақмола облысының прокуратурасы