«Зан мен Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында, Көкшетау қаласының прокуратурасы Полиция басқармасымен және Көкшетау қаласының әкімдігімен бірлесіп құқық бұзушылықтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Бұл іс-шаралар барысында әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасылармен және балалармен жұмыстар жүргізіледі, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандардың болуын бақылау үшін рейдтер ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, темекі өнімдері мен алкогольдік сусындарды сататын ұйымдар құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында болады.

Одан бөлек, соңғы уақытта кеңінен таралып келе жатқан «дропперлік» қылмыстардың (басқалардың банктік шоттарын және деректерін заңсыз пайдаланумен байланысты алаяқтық түрі) алдын алу мақсатында да түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Азаматтарға өз дербес деректерін бөгде адамдарға бермеу және күмәнді қаржылық операцияларға қатыспау қажеттілігі туралы ескертіледі.

 Ақмола облысының прокуратурасы